23 қараша 2026 12:42 admin

«ЫБЫРАЙ МҰРАСЫ – ҰСТАЗДЫҚТЫҢ ҰЛАҒАТЫ»

2026 жылғы 9 қараша күні «Бастауыш білім беру» мамандығы студенттерінің қатысуымен ұлы ағартушы, көрнекті педагог Ыбырай Алтынсариннің тағылымды мұрасына арналған танымдық-шығармашылық педагогикалық WORKSHOP өткізілді.

Шараның басты мақсаты – Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық мұрасын дәріптеу, оның шығармалары арқылы жас ұрпақтың бойына білімге құштарлық, адамгершілік, еңбекқорлық қасиеттерін сіңіру және болашақ ұстаздардың кәсіби шығармашылығын дамыту.

Workshop барысында студенттер:
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына шолу жасады;
 Ұлы ағартушының әңгімелері мен өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашты;
Педагогикалық идеяларын қазіргі білім беру жүйесімен байланыстырды;
Шығармашылық жұмыстарын, постерлерін, комикстері мен педагогикалық жобаларын қорғады;
Заманауи ұстаздың кәсіби міндеттеріне қатысты жағдаяттарды талқылады.

Студенттер білім деңгейлері мен шығармашылық мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөлініп, жеңіл, орташа және күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындап, өз ізденістері мен педагогикалық шеберліктерін көрсетті.

Шара соңында қатысушылар «Ұстазға аманат» рефлексиясы арқылы Ыбырай мұрасынан алған әсерлерімен бөлісіп, болашақ ұстаз ретіндегі өз ұстанымдарын білдірді.

Ыбырай мұрасы – өткеннің өнегесі ғана емес, бүгінгі ұстаздың темірқазығы, келешек ұрпақтың рухани қазынасы!

Ұлы ағартушының:
«Кел, балалар, оқылық!» деген ұлағатты үндеуі әрбір жас ұрпақтың жүрегінде жаңғыра берсін!

Ұйымдастырушылар: «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының кураторлары.