23 қараша 2026 11:51 admin

ТОҒЫЗ ҚҰМАЛАҚ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ, ЗИЯТКЕРЛІК ӨНЕРІМІЗ!

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде жылдық жоспарға сәйкес ұлттық зияткерлік ойын – тоғыз құмалақтан студенттер арасында жарыс ұйымдастырылды.

Жарыстың басты мақсаты – ұлттық спорт түрін насихаттау, студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыту, зияткерлік әлеуетін арттыру және салауатты бәсекелестікке баулу.

Тартысты әрі қызықты өткен сайыста қатысушылар өздерінің шеберлігін, терең ойлау қабілетін және жеңіске деген жігерін көрсете білді.

І орын – Бердіғали Әділет
ІІ орын – Саумбаева Қиял
ІІІ орын – Керімбекова Асылжан

«Үздіко йыншы» – Ыбырай Алпамыс
«Жеңіске деген жігері үшін» – Қалнияз Әміржан

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттер облыстық кезеңге жолдама алды.

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Облыстық кезеңде де сәтті өнер көрсетіп, колледж мерейін асқақтатуларына тілектеспіз!

Зерде мен зияткерлік сынға түскен сайыста жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер! Ұйымдастырушылар: Қосымбаева Н, Рахметова Г, Бисенова Ә