«Ұлттық рух – ұрпаққа аманат»
25 қазан – Республика күніне орай «Ұлттық рух – ұрпаққа аманат» тақырыбында мерекелік шара өткізілді.
Республика күні – еліміздің егемендігін айшықтайтын, тәуелсіздігімізді ұлықтап, елдігімізді дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн – халқымыздың азаттық жолындағы арманы мен бүгінгі бейбіт өмірінің, бірлігі мен ынтымағының символы. Мерекелік шара барысында ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, туған жерге деген сүйіспеншілік, елге деген құрмет пен отан сүйгіштік сезім кеңінен насихатталды. Іс-шараның мазмұны жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіруге, ата-баба мұрасын қадірлеуге, ел тарихын құрметтеуге және Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімді нығайтуға бағытталды.
Ұлттық рух – ұлттың мәңгілік тірегі, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын асыл мұра. Тарихын таныған, дәстүрін құрметтеген, елін сүйген ұрпақ қана тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктете алады. Сондықтан ұлттық құндылықтарды сақтау мен оны келер ұрпаққа аманаттау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Мерекелік шараны ұйымдастырушы топтар: БББ-24-2с/о, ҒҚСП-24, БББ-24, БББ-23, ДТС-24, ДТС-25с/о, ДІ-24 топтары мен кураторлары