23 қараша 2026 11:02 admin

БІЛІМГЕ — ЖАҢА КӨЗҚАРАС, КӘСІБИ ДАМУҒА — ЖАҢА БЕЛЕС!

Астана. AITU. Тәжірибе. Инновация. Болашақ!

Бүгінгі ұстаз — ертеңгі маманның мүмкіндігін қалыптастырушы. Ал үздік нәтижеге жетудің жолы — үздік тәжірибені үйреніп, оны білім беру үдерісіне енгізу!

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің арнайы пән оқытушылары Ә.Ә.Елеусін, Д.М.Рзаханов, Д.С.Нұрекешов, Ғ.Қ.Орымбеков екі жақты ынтымақтастық меморандумы аясында ел ордадағы “Astana IT University (AITU)” базасында кәсіби тағылымдамадан өтті.

????Заманауи IT-зертханалар
Цифрлық білім беру кеңістігі
Кәсіби тәжірибе алмасу
Инновациялық оқыту әдістері

Тағылымдама барысында педагогтер цифрлық инфрақұрылыммен, OpenSpace форматындағы оқу ортасымен танысып, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және студенттердің цифрлық құзыреттерін дамыту бағытында тәжірибе алмасты.

Біздің мақсатымыз — тек білім беру емес, болашақтың сұранысына сай маман даярлау!

Ал жаңа идеялар мен озық тәжірибелер — сол мақсатқа бастайтын нақты қадам.
Озық тәжірибе — сапалы білімнің, кәсіби даму — жарқын болашақтың негізі!