КӘСИБИ ӨСУ КЕЗЕҢІ: БОЛАШАҚ IT-МАМАНДАРЫ АСТАНА ТӨРІНДЕ!
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттері қазіргі уақытта елордамыз Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтының Жоғары колледжінде академиялы құтқырлық бағдарламасынан өтуде!
Болашақ IT-мамандары үшін бұл — жаңа орта, тың тәжірибе және кәсіби біліктілікті арттырудың таптырмас мүмкіндігі. Студенттеріміз жаңа оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысып, теориялық білімдерін Астана төрінде тереңдетіп жатыр.
Бұл екі жақты ынтымақтастық — колледжіміздің сапалы және бәсекеге қабілетті маман даярлау жолындағы кезекті жемісті қадамы.
Студенттеріміздің Астанадан алған білімі мен шабыты болашақта еліміздің цифрлық дамуына үлкен үлес қосатынына сенеміз!
Студенттерімізге сәттілік тілейміз! Жолдарыңыз ашық, білімдеріңіз терең болсын!