Футболдан (қыздар) облыстық жарыста біздің «Болашақ» командасы жүлделі III орынға ие болды!
Ұлттық спорт лигасы аясында өткен орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің спартакиадасында шағын футболдан (қыздар) облыстық жарыста біздің «Болашақ» командасы жүлделі III орынға ие болды!
Бұл – қажырлы еңбек пен табандылықтың, командалық рух пен жеңіске деген жігердің нәтижесі! Қыздарымыз әр ойында өз шеберліктерін көрсетіп, намысты қолдан бермей, жоғары деңгейде өнер көрсетті
Команданы жеңіске жетелеген жетекшісі – Қосымбаева Н.Ж. Сізге үлкен алғыс білдіреміз!
Осындай жетістіктеріңіз көп болсын! Алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!