«Волонтерлік қызмет – болашаққа қадам»
Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығында «Волонтерлік қызмет – болашаққа қадам» тақырыбында облыстық кездесу өтті.
Бұл – өңірдегі волонтерлік бастамаларды қолдауға және жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды шара. Кездесу барысында еріктіліктің қоғамдағы рөлі, жастардың әлеуметтік жауапкершілігі және жаңа жобалар талқыланды.
Колледжіміздің студенттері аталған шараға белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, тың идеялармен оралды.
Еріктілік – жүрек қалауы,
Еріктілік – болашаққа нық қадам!