27 ақпан 2026 09:08 admin

"Азаматтық қорғаныс күні"

Каспий өңірі "Болашақ" колледжінде "Азаматтық қорғаныс күні" қарсаңында АӘТД пәнінің оқытушысының ұйымдастыруымен тағылымды іс-шара өтті.

Іс-шара барысында студенттерге төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету ережелері, алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері және қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Қатысушылар практикалық жаттығулар жасап, өз білімдері мен дағдыларын шыңдады.

Шараның басты мақсаты – білім алушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайларда дұрыс әрі жедел шешім қабылдай білуге үйрету.

Студенттер белсенділік танытып, өздерінің жауапкершілігі мен ұйымшылдығын көрсетті. Осындай маңызды іс-шаралар жас ұрпақтың өмір қауіпсіздігіне деген көзқарасын нығайтып, патриоттық рухын арттыра түседі.