18 ақпан 2026 09:45 admin

Колледжішілік “Болашақ аруы – 2026” байқауы

????✨Колледжішілік “Болашақ аруы – 2026” байқауы ????✨

???? І-курс студенттері арасында өтетін “Болашақ аруы – 2026” – бұл тек сұлулық сайысы ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, нәзіктік пен парасаттылықты ұштастыратын ерекше шара!

???? Күні: 05 наурыз 2026 жыл

???? Уақыты: 14:00

???? Өтетін орны: Акті залы

 

???? Байқау кезеңдері:

???? 1-тур: «Жасанды интеллект арқылы таныстыру»

Қатысушылар заманауи технология мүмкіндіктерін пайдаланып, өздерін креативті әрі ерекше форматта таныстырады. ????✨

???? 2-тур: «Өнерлі өрге жүзер…»

Арулар өз өнерлерін ортаға салады: ән айту, би билеу, көркем сөз оқу және өзге де шығармашылық қабілеттерін паш етеді. ????????

???? 3-тур: «Ұлттық киімді дәріптеу» (сән үлгісі)

Қазақ халқының ұлттық киімдерін заманауи үлгіде таныстырып, салт-дәстүріміз бен мәдениетіміздің сұлулығын көрсетеді. ????????

???? “Болашақ аруы – 2026” – білім мен тәрбиенің, өнер мен талғамның тоғысқан алаңы!

 

Барша ұстаздар мен студенттерді қатысушыларға қолдау көрсетуге шақырамыз!