№28 мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды
Ақтау қаласындағы №28 мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы кеңінен ақпарат ұсыну.
Кездесу барысында колледж мамандары оқу орнындағы білім беру бағдарламалары мен мамандықтар туралы жан-жақты мәлімет берді. Оқушыларға әр мамандықтың ерекшелігі, оқу мерзімі, тәжірибелік мүмкіндіктері және болашақтағы жұмыс бағыттары түсіндірілді. Сонымен қатар колледждің материалдық-техникалық базасы, студенттердің жетістіктері мен оқу орнындағы мүмкіндіктер презентация арқылы таныстырылды.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдау жөнінде пайдалы кеңестер алды. Мұндай кәсіптік бағдар беру жұмыстары жастардың саналы түрде мамандық таңдап, болашаққа сенімді қадам жасауына үлкен ықпал етеді.