19 мамыр 2026 14:55 admin

Мұхтар Шахановқа арналған тағылымды әдеби-танымдық кеш

Колледжімізде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановқа арналған тағылымды әдеби-танымдық кеш өтті.

Кеш барысында студенттер ақынның жалынды жырларын оқып, оның өмір жолы мен шығармашылығына терең тоқталды. Сондай-ақ рухани құндылық, елге деген сүйіспеншілік және ұлттық тәрбие тақырыптарында мазмұнды ойлар айтылып, әсерлі көріністер сахналанды.

✨ Жастарға рухани серпіліс сыйлаған бұл кештің мақсаты — ақын мұрасын дәріптеу, студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау.

????‍???? Ұйымдастырушы кураторлар: Д.М. Отесинова, Н.Ғ. Сейілханова