“WorldSkills Aktau 2026”
Каспий өңірі Болашақ колледжі “WorldSkills Aktau 2026” облыстық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанатына қатысып, өз студенттеріне үлкен сенім артады! Колледжімізден 18 құзыреттілік бойынша 21 студент кәсіби шеберліктерін сынға салмақ. Бұл – білім мен біліктің, еңбек пен табандылықтың алаңы.Чемпионатқа қатысушы студенттерімізге сәттілік, жоғары нәтиже және жеңіс тілейміз! Еңбектерің жанып, колледжіміздің мерейін асқақтата беріңдер!