Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенантпен кездесу
ҚР ІІМ Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Жұмабай Айса Есендаулетұлы колледж студенттерімен маңызды профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында жастар арасында жиі кездесетін өзекті мәселелер — буллинг, ақша бопсалау және ұсақ құқықбұзушылықтардың салдары жан-жақты түсіндірілді. Бейнебаяндар арқылы құқықбұзушылықтың ауыр зардаптары көрсетіліп, оның соңы заң алдында жауапкершілікке, тіпті бас бостандығынан айыру жазасына әкелетіні айтылды.
Сонымен қатар, ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың:
«Заңды құрметтеу – жауапты азаматтың негізгі қасиеттерінің бірі ретінде қабылдануы керек. Бұл тек мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар барлық азаматтардың міндеті»
деген заң мен тәртіпке қатысты маңызды ойларынан мысал келтіріліп, Қазақстан Республикасының заң баптарымен таныстырылды.
???? Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, тәртіпті қоғам қалыптастыруға үлкен үлес қосады.