«Адал ұрпақ»
Қаңтар айы – «Заң мен тәртіп айы» аясында Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде «Адал ұрпақ» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде Ақтау қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция аға лейтенанты Бердіхан Ақжол Қуандықұлымен бірлесіп, студенттер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы заң баптары таныстырылып, жастарға құқықтық сауаттылықтың маңызы түсіндірілді.
Тәрбиелі ұрпақ – қоғам болашағы.