03 ақпан 2026 16:51 admin

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде бітіруші топ студенттерімен маңызды кездесу өтті.

Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Жұмағұлов Тоқтамыс Кадошұлы және «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Усипбаев Дайрабай Мамашұлы қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметке қабылдану тәртіптері түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Колледж басшысы Қаламқали Гүлжан Мұхитқызы да студенттердің пікірлерін тыңдап, ашық әңгімелесті.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, адал әрі жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.