"Талғат Мұсабаев: Арман мен ерліктің жолы"
"Заң мен тәртіп" айында өткізілетін іс-шаралар аясында студенттер арасында ұшқыш - ғарышкер Талғат Мұсабаевтың 75 жылдығына арналған "Талғат Мұсабаев: Арман мен ерліктің жолы" атты мәдени шара ұйымдастырылды. Аталған шарада Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтың өмір жолы мен ғарыш саласына қосқан зор үлесі кеңінен насихатталып, оның ғарышқа сапарлары мен ғылыми еңбектері туралы бейнематериал ұсынылды. Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының даңқты перзенті, үш мәрте ғарышқа ұшқан Талғат Мұсабаевтың өмір жолы мен ерлігін жас ұрпаққа таныту, жастарды отансүйгіштікке, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу және ғылым мен ғарыш саласына деген қызығушылықтарын арттыру. Шараны ұйымдастырушылар: Кабылова А.Р, Өтесинова Д.М, Байбол К.Ш.