21 қаңтар 2026 14:33
admin
“Зорлық*зомбылыққа қарсымыз” тақырыбында семинар-тренинг
Колледжімізде студенттердің қатысуымен “Зорлық*зомбылыққа қарсымыз” тақырыбында семинар-тренинг өтті. Шараның басты мақсаты — жастар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру. Біз әрбір адамның қауіпсіз және еркін ортада білім алуға құқылы екенін қолдаймыз! Есіңізде болсын: үндемеу — шешім емес!