24 желтоқсан 2025 09:00 admin

45 күн — тазалыққа, жауапкершілікке және бірлікке толы жол!

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында өткен 45 күндік “Таза Маңғыстау” челленджі өз мәресіне жетті.
Осы игі бастамаға белсенді атсалысып, 45 күн бойы түрлі экологиялық және әлеуметтік шаралар ұйымдастырған Каспий өңірі “Болашақ” колледжінің ПиМНО-22-1 тобының студенттеріне және олардың жетекшісі Ж. Орынбасар қызына зор алғысымызды білдіреміз!
Туған өлкенің тазалығы мен болашағына бейжай қарамай, нақты іспен үлгі көрсеткендеріңіз үшін ризамыз. Сіздердің еңбектеріңіз — өскелең ұрпаққа өнеге, ал табиғатқа деген қамқорлықтарыңыз — жарқын болашаққа жасалған қадам.
Алғыс хаттарыңыз құтты болсын! Әрдайым белсенді, ынталы әрі биік белестерден көріне беріңіздер!