24 желтоқсан 2025 08:54 admin

Жеңіс құтты болсын!

Орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы облыстық ұлттық спорт лигасының жалпы командалық есебінде Каспий өңірі «Болашақ» колледжі ІІ орын иеленді!
Студенттеріміз ұлттық спорт түрлерінен жоғары дайындық пен ұйымшылдық танытып, өңір намысын абыроймен қорғады.
Сонымен қатар, спорт арқылы тәрбиенің биік үлгісін көрсетіп, жарыстарда үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін дене шынықтыру пәнінің жетекшісі
Майрамбаев Нұржан Асқарбайұлы Маңғыстау облысының білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл – бірліктің, еңбектің және табандылықтың жемісі!
Алда алар асуларымыз әлі көп!