14 қараша 2025 11:26 admin

Ынтымақтастық – білім сапасының кепілі!

Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің “№9 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры С.Н. Садиков пен Каспий өңірі “Болашақ” колледжінің басшысы Г.М. Қаламқали өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл келісімнің мақсаты – білім беру ұйымдары арасындағы өзара тәжірибе алмасуды, оқушылар мен студенттердің кәсіби бағдарын дамыту, бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру.
Осындай әріптестік байланыстар жас ұрпақтың сапалы білім алуына және болашақ маман ретінде қалыптасуына жаңа мүмкіндік ашады!