11 қараша 2025 10:40 admin

Отбасылық құндылықтар керуені

Каспий өңірі “Болашақ” колледжінің оқытушылары мен студенттері «Отбасылық құндылықтар керуені» атты этнофорумға қатысып, қоғамдағы отбасының рөлі мен ұлттық тәрбиенің маңызын айқындайтын тағылымды шараға өз үлестерін қосты.

Іс-шара барысында қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдеп-ғұрыптарын дәріптеп, ұрпақ сабақтастығының мәнін талқылады. Форумда түрлі пікірталастар, шеберлік сағаттары мен мәдени бағдарламалар ұйымдастырылып, жастарға рухани бағыт-бағдар берілді. 

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отбасына деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлттық бірегейлікті сақтауға зор ықпал етеді.