31 қазан 2025 10:30 admin

Эко-жоба: “Қақпақтан жасалған карта”

Таза Маңғыстау 45 күндік челлендж он бірінші күнінде Каспий өңірі Болашақ колледж студенттері өз туған жерінің картасын жасады.
Қоршаған ортаны қорғау және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 720 дана бөтелке қақпақтарынан Маңғыстау облысының картасын жасалды.
Бұл жоба – табиғатты аялауға бағытталған экологиялық және патриоттық тәрбиенің көрінісі.
Қақпақтарды жинау барысында студенттердің шығармашылық қабілеттері дамып, экологиялық ойлау дағдылары қалыптасты. Әр түсті қақпақ еліміздің әр өңірін бейнелеп, бірліктің, ынтымақ пен табиғатқа деген сүйіспеншіліктің нышанына айналды.
Мақсатымыз – қоғамда қайта өңдеу мәдениетін насихаттап, “Қоқыстан да құндылық жасауға болады” деген ойды жеткізу.