Ынтымақтастық – табыстың кілті!
Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің “№9 бастауыш мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А. Мырзалыұлы мен Каспий өңірі “Болашақ” колледжінің басшысы Г.М. Қаламқали өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл келісімнің мақсаты – білім саласындағы тәжірибе алмасу, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру және жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру бағытында бірлесе жұмыс атқару.
.jpg)