Жастарға – патриоттық рух, елге – адал қызмет!
Білім алушылардың патриоттық сезімін арттыру және әскери қызмет туралы түсініктерін кеңейту мақсатында ЕТ-23, БҚ-23-1, БҚ-23-3 топ студенттерімен Ақтау қаласының Қорғаныс істер жөніндегі басқармасы ұйымдастыруымен маңызды кездесу өтті. Кездесуге басқарманың тәрбие және идеология жұмысы тобының бастығы, лейтенант А.А. Айыпов арнайы қатысып, жастармен мазмұнды әңгіме өрбітті.
Шара барысында әскери қызметтің ерекшеліктері, сарбаздардың күнделікті тыныс-тіршілігі, әскери тәртіп пен жауапкершіліктің маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар әскери мамандықтардың түрлері, келісімшарт негізінде қызмет атқару мүмкіндіктері және Қарулы Күштер қатарында кәсіби тұрғыда дамудың жолдары жан-жақты түсіндірілді.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери саладағы мүмкіндіктер туралы нақты жауаптар алып, өз ойларымен бөлісті. Кездесу жастардың Отан алдындағы борышы туралы түсінігін тереңдетіп, патриоттық рухын арттыруға үлкен серпін берді.