Құқықтық викторина
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде Қ-25с/о тобының кураторы А.Қ. Наврузбаеваның ұйымдастыруымен құқықтық викторина өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру және өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсіндіру. Викторина барысында қатысушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.
Студенттер белсенділік танытып, тартысты әрі мазмұнды сайыс өтті. Осындай танымдық шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.