Таза Қазақстан 4 күн
Таза Қазақстан 45 күндік челленджіне Каспий өңірі Болашақ колледж студенттері қатысуда.
Бүгін 16 қазан челлендждің төртінші күнінде біз артық пластикке жаңа өмір сыйладық.
Біздің мақсатымыз — қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау және пластик қалдықтарын қайта өңдеу арқылы табиғатқа жан бітіру.
Қала тұрғындарына пластик өнімдерінің зиянды жақтарын айта отырып, оларды қайта қабылдау ошақтары хабарланды.
Әрбір кішкентай қадам – үлкен өзгеріске бастайтын мүмкіндік. Біз бірге табиғатты қорғап, экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз!