Таза Қазақстан 45 күндік челлендж
Таза Қазақстан 45 күндік челленджіне Каспий өнірі Болашақ колледжі студенттері қатысуда. Бүгін 15-қазан челленждің үшінші күнінде қала тұрғындарына әлеуметтік эксперимент жасалды.
Біздің мақсатымыз – қаламыздың әр тұрғынын табиғатты аялауға және тазалықты өмір салтына айналдыруға шақыру.
Біз адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, тазалық пен қамқорлық мәдениетін қалыптастырғымыз келеді.
Таза көшелер мен таза аула – өзімізге деген сыйластықтың белгісі. Біз сенеміз, әр адамның кішкентай әрекеті – үлкен өзгерістердің бастауы.
Тазалық – өз қолымызда!
Таза Қазақстан. Таза ел, таза болашақ!