
“Мен – кәсіпкермін!”
Республикалық грант-турниріне дайындық басталды!
Колледжімізде студенттер арасында кәсіпкерлік қабілеттерді дамыту мақсатында ішкі іріктеу байқауына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Студенттерге бизнес-жоспар құрудың негіздері таныстырылып, заманауи SMART және CANVA модельдерімен жұмыс жасау жолдары үйретілді.
Практикалық консультациялар мен бағыт-бағдар беруді колледж басшысының кәсіптік оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары Жакупбаев Г.У. және бизнес мектеп жетекшісі Капаева Г.Б. өткізді.