Заң жолында — болашақ мамандар!
Қ-25 с/о тобының «Құқықтану» мамандығының студенттері жетекшілері А.К. Наврузбаевамен бірге Маңғыстау облысы Полиция департаментінің музейіне экскурсия жасап, құқық қорғау саласының терең тарихына, ерлікке толы істерге және бүгінгі полиция қызметінің қыр-сырына куә болды.
Бұл — тек экскурсия емес, бұл – болашақ заңгерлердің рухын оятқан, патриоттық сезімін бекемдеген, ар-намысты қорғауға бағыт берген сәт!
Бүгін – тарихпен таныстық,
Ертең – өз тарихымызды жазамыз!