
TОО «TAZA.LIKEE» және Каспий маңы колледжі «Болашақ» арасындағы меморандум
Ынтымақтастықтың жемісін студенттер көре бастады.
2025 жылдың қаңтарында TОО «TAZA.LIKEE» және Каспий маңы колледжі «Болашақ» арасында екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Басты мақсатымыз – экологиялық мәдениетті насихаттау және қалдықтарға саналы көзқарасты қалыптастыру.
Енді сол меморандум аясында нақты істер жүзеге асып жатыр! Колледж студенттері «Мейірімді қақпақтар» экологиялық акциясына белсенді ат салысып, пластик қақпақтар мен бөтелкелерді арнайы қорапшаларға жинап, тиісті жерлерге тапсыра бастады.
Шағын әрекет – үлкен өзгеріске жол ашады. Әр қақпақ – табиғатқа деген қамқорлықтың белгісі!