15 қазан 2025 08:51 admin

TurkicSkills-2025

TurkicSkills-2025 чемпионаты аясында ұйымдастырылған көрмені студенттер зор қызығушылықпен тамашалады. Бұл шара олар үшін тек көрме ғана емес, кәсіби шабыттың, жаңа мүмкіндіктер мен болашаққа деген сенімнің алаңына айналды. 
Болашақ мамандар түрлі кәсіп салаларымен танысып, заманауи технологиялар мен инновациялық жобаларды көзбен көріп, шеберлердің тәжірибесінен тағылымалды. Әр стенд, әр таныстырылым – еңбектің, білім мен жаңашылдықтың айқын көрінісі.
Көрме студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, мамандық таңдаудағы сенімдерін нығайта түсті.