«Ұстаз – ұлт шамшырағы»
«Ұстаз – ұлт шамшырағы» он күндігі аясында өткен «Ұстазыңды құттықта!» челленджі шеңберінде Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің ардагер ұстаздары Сауле Дауыловна, Жамиға Насыровна, Айжан Құрмановна, Ақкенже Смагуловна, Атлас Тайлыбаевна, Зиба Жардемовнаны колледж басшысы Г.М.Қаламқали арнайы құттықтады.
Ұлағатты ұстаздарымыз – сан ұрпақтың жүрегіне жолтапқан, ұлт болашағын тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан жандар.
Сіздердің біліміңіз, өмірлік тәжірибеңіз, даналығыңыз – біз үшін баға жетпес мұра.
Ұстаз жолы – ұлы жол.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақыт, қажымас қайрат және шығармашылық табыс тілейміз!