07 қазан 2025 11:11 admin

Путин десе елең етеміз...

Файзулла Путин есімін естігенде ең бірінші колледжіміздің басшысының тәрбиеісі жөніндегі орынбасары Гүлзира Баженовна ерекше бір қуанышпен еске алады.

Путин 2019 жылы Каспий өңірі “Болашақ” колледжінде “Құқықтану” мамандығы бойынша білім алып, кейін әскерге аттанып, оралған соң оқуын басқа қалада жалғастырды.

Ол оқу барысында өзін үлгілі, тәртіпті, жан-жақты студент ретінде көрсетті. Облыстық, қалалық сайыстарға қатысып, жастар ісі комитетінің белсенді мүшесі болды.

“Әжемнің баласымын” дейтін Путиннің бойынан әрдайым адалдық пен отансүйгіштік байқалып тұратын.

Біз осындай дарынды түлектерімізді әрдайым мақтан етеміз! Ерекше есімді студентіміз болашақта да биік белестерді бағындырып, елге пайдасын тигізетініне сенеміз!