
Түпқараған аудандық қоғамдық кеңеске жаңа төраға сайланды!
Манешов Айтқали Айбекұлы 2002 жылғы 18 ақпанда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ.
2016–2020 жылдар аралығында Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде білім алды. 2020-2021 жылы Отан алдындағы борышын атқарып келді. 2021–2025 жылдары Қазақ инженерлік-технологиялық университетінде (KazITU) «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 2021 жылы бастап, 2022 жылы Ақтауқалалық Тұрғын үй инспекциясында маман көмекшісі ретінде қызмет жасады. Қазіргі таңда ЖШС«Кезби» мекемесінде қызмет атқарады.
Қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде араласып, 2016 жылдан бастап «AMANAT» партиясының Маңғыстау облысы бойынша «Жастар рухы» жастар қанатының мүшесі, 2019 жылдан бері «Маңғыстау – Адалды қалаңы» жобалық кеңсесінің мүшесі, 2020 жылы «AMANAT» партиясының мүшесі болды. 2022 жылдан бері Түпқараған аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі болып табылады. 2023 жылдан бастап «Аманат» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау кеңесінің мүшесі. Каспий өңірі “Болашақ” колледжі ұжымы түлегінің жетістігіне қуанып, құттықтайды.