«Жас талант – 2025» атты мәдени шара
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өнерге деген құштарлығын арттыру және жастардың жаңабастамаларын қолдау мақсатында «Жас талант – 2025» атты мәдени шара ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара жас буынның өнерге бейімділігін танытып қана қоймай, олардың жаңа идеяларына жол ашып, жан-жақты дамуына мүмкіндік беруді көздейді. Байқау барысында студенттер әр түрлі жанрда өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылық шеберліктерін паш етті.
Шара аясында:
ән-күй, би және көркем сөз оқу бағыттарында өнер көрсетілімдері өтті;
студенттердің жеке және топтық шығармашылық нөмірлері ұсынылды;
жас дарындардың бастамаларына қолдау көрсетілді.
Бұл бастама колледждің білім алушылары арасында мәдени құндылықтарды дәріптеу, өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру және жастардың шығармашылық әлеметін дамытуға зор үлес қосады.