
Классика – жүрекке жақын!
Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапханада өткен ерекше кеш – “Гауһартас” көркем фильмі көрсетіліп, жүрекпен қабылданған терең талқылауға ұласты.
Киноны тек көру емес, сезіну, кейіпкерлердің ішкі әлеміне үңілу – осы кештің басты мақсаты болды. Пікірталас алаңына СД-24 тобының студенттері және олардың жетекшісі А.Р.Қабылова белсене қатысып, шыншыл ойларымен, жан-жақты талдауларымен бөлісті.
“Гауһартас” – бұл тек махаббат хикаясы емес. Бұл – Төзім, Адалдық, Қайсарлық жайлы өмірлік сабақ.
Осындай рухани кештер – жастардың эстетикалық талғамын, ұлттық құндылыққа деген құрметін тереңдетеді.