07 қазан 2025 10:23 admin

Аймақтық семинар – “Адал азамат” бағдарламасы аясында

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы тәжірибе алмасу мақсатында өткен аймақтық семинарда, Каспий өңірі “Болашақ” колледжінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Б.Джакаева “Тәрбиеден тұтастыққа:  “Адал азамат” бағдарламасының жаңа көк жиегі” тақырыбында шебер-сынып өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

“Адал азамат” бағдарламасы – жас ұрпақты тәрбиелеуде тұтастық пен саналы көзқарас қалыптастырудың тиімді құралы.
Шара барысында жастардың бойында адалдық, жауапкершілік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру жолдары талқыланды.

Тәрбие – тек біліммен емес, рухани-адамгершілік құндылықтармен де толығуы тиіс!