
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Алтын күз» облыстық кросс жарысында Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің ФК-25 тобының студенті Селёзнова Ангелина ерекше дайындық пен табандылық танытып, қыздар арасында жүлделі І орынды иеленді! Бұл — тек жеке жеңіс емес, колледжіміздің, ұстаздарымыздың, болашақ мамандардың абыройын асқақтатқан елеулі оқиға!
Ангелинаның бұл жетістігі — үздіксіз еңбектің, намыс пен жігердің нәтижесі. Осы жолда бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен жетекшісі Майрамбаев Н.А.-на алғысымыз шексіз!