
"Әділ жол – адал жол", адалдық – ардың ісі.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы аймақтық семинардың "Тәрбиелік форум-театр" бөлімінде Каспий өңірі "Болашақ" колледжінің студенттері жүректі тербеген театралды қойылым ұсынды.
"Әділ жол – адал жол" атты әсерлі көрініс арқылы жастар таза ниет пен әділдіктің құндылығын, шындықтың салмағын көрерменге жеткізе білді.
Бұл — жай сахналық көрініс емес, бұл – жастардың үндеуі. Адал болу – таңдау емес, өмірсалты екенін ұғындыру!
Шараға жетекшілік еткен – "Саналы ұрпақ" үйірмесінің жетекшісі, Қ-23-1,2 топтарының кураторы Д.Ж.Ахметова.
Тәрбие – театрдан да басталады. Өйткені, сахна – шындықтың айнасы.