Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде тәрбие жұмысы
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес студенттің өзін-өзі басқару ұйымы өзін-өзі тану және бақыт фракциясының жетекшісі Жұмабай Дариға «Өмірге «ИӘ» деп айт» акциясы аясында оқытушыларға сұрақтар қойды. Шараның мақсаты - адамдарды өмірдің жақсы жақтарын бағалауға, қиындықтарға қарамастан өмірдің құндылығын түсінуге шақыру. Бұл акция адамның өмірге деген оң көзқарасын арттыру, өз өмірін бағалауға, қоршаған ортаны жақсы көруге ынталандыру үшін ұйымдастырылады. Әр түрлі әлеуметтік мәселелер мен дағдарыс жағдайларында адамдарға психологиялық қолдау көрсету, өмірдің түрлі қиындықтарын жеңуге көмектесу – осы акцияның басты мақсаттарының бірі.