11 сәуір 2025 12:04 admin

«Отбасы құндылықтарын дәріптеу, саналы түрде әке болу, ерте жүктіліктің алдын алу» туралы түсіндіру жұмыстары

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№2 Ақтау қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК қызметкерлері: психолог – Д.Тоғжанова, Д.Төлеп, педиатр – Г.Боранбаева «Отбасы құндылықтарын дәріптеу, саналы түрде әке болу, ерте жүктіліктің алдын алу» туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
Мақсаты — отбасы құндылықтарын насихаттау, саналы түрде әке болуды түсіндіру, ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша жастар арасында ақпарат беру және олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Сонымен қатар, бұл шаралар арқылы қоғамда отбасы институтының маңыздылығын және отбасы мен жастардың денсаулығы туралы білімді қалыптастыру көзделеді.