
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің оқытушылары 22 шағын ауданда орналасқан С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясына және 19 «а» шағын ауданында орналасқан жалпы орта білім беретін №24 мектепке 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясында 9 «а,ә,б,в» және жалпы орта білім беретін №24 мектепте 9 «а,ә,б,в,г» сыныптарына кіріп, Каспий өңірі «Болашақ колледжі» туралы ақпарат беріп, колледждегі мамандықтар бойынша толық ақпарат берілді. Оқушыларға елімізде жұмысшы мамандықтары жоғары сұранысқа ие екендігі айтылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Оқушыларға анықтамалық парақшалар таратылды. Сынып жетекшілері әлеуметтік желідегі ата-аналар группасына жіберіп хабарлайтындығын жеткізді.