«Сталкинг: мәселе бар, заң жобасы талқылануда»
«Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің «Құқықтану-22-1,2» топтарының студенттері «Сталкинг» тақырыбында бейнеролик түсірді. Жетекшісі — оқытушы Сарғожаева С.
Бейнероликте сталкинг ұғымының мәні, оның жеке адам өміріне, психологиялық жай-күйіне әсері және қоғамдағы өзектілігі көрсетіледі.
Қазіргі таңда бұл мәселе Қазақстанда күн тәртібіне қойылып, оны құқықтық тұрғыда реттеу мақсатында арнайы заң жобасы ҚР Мәжілісінде қаралуда.
Сталкинг — бұл еркіндікке, тыныш өмірге, жеке кеңістікке қол сұғу. Әр азаматтың қауіпсіздігі — маңызды.
#Сталкинг #Құқықтану #БолашақКолледжі #ҚоғамдықСананыОяту #ЗаңЖобасы #Мәжіліс #StopStalking