11 сәуір 2025 12:17 admin

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары

Мамандықты дұрыс таңдау – бұл ұзақ кәсіби өмірде сенімділік, жан тыныштығы және материалдық әл-ауқат. Тек өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға қажетті мамандықты таңдап алу керек. Сонда адам кейін өз мамандығы бойынша жұмыс таба алады. Мамандықты дұрыс таңдау - бұл әрбір адамның өміріндегі маңызды сәт, оны жіберіп алмау керек және таңдауға байыптылықпен қарау керек. Ал, кәсіби оқу орнындағы табысты білім еңбек нарығында білімі мен біліктілігі бағаланатын білікті маман болуға мүмкіндік береді. Осы орайда Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің оқытушылары Ақтау қаласы бойынша Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.