20 ақпан 2025 16:05 admin

«Гендерлік теңдік» тақырыбындағы топ сағаты

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес ПиМНО-22-2с/о тобында топ жетекшісі С.Е.Ержанованың ұйымдастыруымен «Гендерлік теңдік» тақырыбындағы топ сағаты өткізілді. Мақсаты - қоғамдағы ерлер мен әйелдер арасында тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселелерін түсіндіру, қатысушыларды гендерлік стереотиптер мен кемсітушіліктің алдын алу қажеттілігімен таныстыру. Сондай-ақ, гендерлік теңдікке жетудің жолдарын талқылап, барлық адамдарға әділ қарым-қатынас жасау мен құрмет көрсету маңызды екенін көрсету.
Гендерлік теңдік ұғымын түсіндіру - гендерлік теңдіктің қоғамдағы маңызы, оның жеке тұлғалар мен жалпы қоғам үшін пайдасы.
Гендерлік стереотиптерді талқылау - стереотиптер мен олардың қоғамдағы рөлі туралы әңгімелеу.
Гендерлік дискриминацияның алдын алу - жынысына байланысты кемсітушілікпен күресу жолдарын қарастыру.
Тең мүмкіндіктер мен құқықтар - әйелдер мен ерлердің бірдей мүмкіндіктер алуын қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қажет екенін көрсету.
Бұл студенттердің тең құқықты қарым-қатынас құруға және өз құқықтарын қорғауға дайын болуына көмектеседі.