20 ақпан 2025 15:42 admin

«Өмірге «ИӘ» деп айт» онкүндігі аясында «Жағымды көңіл күй жәшігі» акциясы

Каспий өңірі «Болашақ» колледжі тәрбие жұмысының және педагог-психологтың жоспарына сәйкес «Өмірге «ИӘ» деп айт» онкүндігі аясында «Жағымды көңіл күй жәшігі» акциясы ұйымдастырылды. Бұл акцияның басты мақсаты – адамдардың көңіл күйін көтеріп, бір-біріне жақсы тілектер, оң пікірлер мен жылы сөздер айту арқылы өмірге деген оң көзқарасты қалыптастыру. Сонымен қатар, бұл акция әлеуметтік ортада сүйіспеншілік, қолдау мен түсіністік мәдениетін дамытуға бағытталған.