«Ұстаз мәртебесі – ұлт мерейі»
Бір оқу жылы. 7 айлық үздіксіз ізденіс. 200 ұстаздың арасынан іріктеліп, финалға жеткен 60 педагогтың қатарында болу — үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі ✨ Каспий өңірі "Болашақ" колледжінің басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Б.Джакаева Республикалық «Ұстаз мәртебесі – ұлт мерейі» байқауында ай сайын түрлі бағыттағы жобалар мен шығармашылық кезеңдерге қатысып,...
Мұхтар Шахановқа арналған тағылымды әдеби-танымдық кеш
Колледжімізде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановқа арналған тағылымды әдеби-танымдық кеш өтті. Кеш барысында студенттер ақынның жалынды жырларын оқып, оның өмір жолы мен шығармашылығына терең тоқталды. Сондай-ақ рухани құндылық, елге деген сүйіспеншілік және ұлттық тәрбие тақырыптарында мазмұнды ойлар айтылып, әсерлі көріністер сахналанды. ✨ Жастарға рухани серпіліс...
“WorldSkills Aktau 2026”
Каспий өңірі Болашақ колледжі “WorldSkills Aktau 2026” облыстық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанатына қатысып, өз студенттеріне үлкен сенім артады! Колледжімізден 18 құзыреттілік бойынша 21 студент кәсіби шеберліктерін сынға салмақ. Бұл – білім мен біліктің, еңбек пен табандылықтың алаңы.Чемпионатқа қатысушы студенттерімізге сәттілік, жоғары нәтиже және жеңіс тілейміз! Еңбектерің жанып, колледжіміздің мерейін...
Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенантпен кездесу
ҚР ІІМ Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Жұмабай Айса Есендаулетұлы колледж студенттерімен маңызды профилактикалық кездесу өткізді. Кездесу барысында жастар арасында жиі кездесетін өзекті мәселелер — буллинг, ақша бопсалау және ұсақ құқықбұзушылықтардың салдары жан-жақты түсіндірілді. Бейнебаяндар арқылы құқықбұзушылықтың ауыр зардаптары көрсетіліп,...
Облыстық «Студенттік парламент президенттерімен» кездесу
Облыстық «Студенттік парламент президенттерімен» кездесу жоғары деңгейде өтті! Кездесу барысында студенттік өзін-өзі басқару жүйесінде белсенділік танытып, қоғамдық жұмыстарға атсалысып жүрген парламент президентті арнайы төсбелгімен және алғыс хатпен марапатталды. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің студенттік парламент президенті Бектурсинова Аружан марапатталды. ✨ Аружанның жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы жұмысына сәттілік пен жаңа белестер тілейміз!