18 қыркүйек 2026 09:04 admin

СТУДЕНТТІК ӨМІРГЕ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде 1-курс студенттерінің ата-аналарына арналған «Студенттік өмірге алғашқы қадам: тәртіп, білім және ата-ана қолдауы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыс барысында ата-аналарға оқу процесі түсіндіріліп, колледждің ішкі тәртіп ережелері таныстырылды. Педагог-психолог тарапынан буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша маңызды кеңестер берілді.

Кездесу соңында ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, студенттің колледждегі алғашқы қадамын дұрыс қалыптастырудағы ата-ана мен колледж арасындағы ынтымақтастықтың маңызы атап өтілді.

Бір мақсат – сапалы білім, саналы тәрбие және жауапты маман қалыптастыру!