ОТБАСЫ – ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ!
Отбасы күніне орай Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде «Дені сау ұрпақ болып өсеміз!» атты көңілді эстафета ұйымдастырылды.
Спорттық шараның басты мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ отбасы құндылықтарын дәріптеу.
Эстафета барысында студенттер түрлі қызықты спорттық сайыстарға қатысып, шапшаңдықтарын, ептіліктерін және командалық рухтарын көрсетті. Әр кезең көтеріңкі көңіл күйге, қызықты сәттерге және жарқын эмоцияларға толы болды.
Спорт – тек жарыс емес, ол бірлікке, өзара қолдауға және жеңіске бірге жетуге үйрететін тамаша тәрбие құралы.
Белсенділік танытып, шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан студенттер мен кураторларға алғыс білдіреміз!
Дені сау ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!
Ұйымдастырушылар:
ДТС-25, ДТС-25с/о, ДТС-26, ДТС-24, ЭВТ-24, ЭВТ-25 топтарының кураторлары.
#ОтбасыКүні #ДеніСауҰрпақ #БолашақКолледжі #СалауаттыӨмірСалты #КөңілдіЭстафета #Бірлік