«ZHAS CUP DEBATE» — ЖЕҢІС БІЗДІКІ!
Ақтау қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен өткен «ZHAS CUP DEBATE» қалалық пікірсайыс турнирінде Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің «Болашақ» командасы І орын иеленді!
Пікірсайыс алаңында студенттер өздерінің шешендік қабілетін, сыни ойлауын, білімін және дәлелді пікір айту шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті.
Бұл жеңіс — ізденіс пен еңбектің, табандылық пен командалық жұмыстың нәтижесі!
Жеңімпаз студенттерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы пікірсайыс додаларында да биіктерден көрініп, колледж мерейін асқақтата беріңіздер!
Сонымен қатар, студенттерді дайындап, пікірсайыс мәдениетін дамытуға зор үлес қосып жүрген «Ой-зерек» дебат үйірмесінің жетекшісі Б.С. Усеноваға алғысымызды білдіреміз!
«Болашақ» — ойы озық, сөзі нық жастар мекені!
#БолашақКолледжі #ZHASCUPDEBATE #ОйЗерек #Дебат #Іорын #Жеңіс #Ақтау #БолашақЖастары
.jpg)
.jpg)